Бокс
21 қаңтар 2023 15:57
 

Қазақ боксшы турнир қожайынын нокаутпен жеңді

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы турнир қожайынын нокаутпен жеңді ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасындағы Азия чемпионатында ширек финалдық айқас өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасындағы Азия чемпионатында ширек финалдық айқас өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан турнирде 63,5 келіде өнер көрсететін қазақ боксшы таиландтық Роекпиджит Суфароекпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Мұхамедсабыр қарсыласын екінші раундта екі рет, ал үшінші раундта бір рет есеңгіретті. 

Осылайша, Базарбайұлы келесі айналымға өтіп, кемі қола жүлдеге ілініп отыр. Ал жартылай финалда қазақстандық боксшының қарсыласы моңғолиялық Тулга Оюнбаатар болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!