Екінші ең жеңіл салмақтағы қазақ боксшы Ержан Залилов (13-3-2, 7 КО) титулды айқастағы нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте шарықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде Залилов отандасы Ескендір Харсанмен (9-2, 6 КО) Қазақстан чемпионы атағы үшін жұдырықтасты.
Рингтен дәрігерлер алып кетті. Қазақстан чемпионы атағы үшін айқас ауыр нокаутпен аяқталды
Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, Ержан қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.
Осы жеңіс арқасында Залилов BoxRec рейтингінде 110-орыннан 77-ге көтерілді.
Бұл белбеуді Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы сарапқа салды. Соңғы рет ол 2001 жылы ойнатылған болатын.