Қазақстандық Сағындық Тоғамбай Ташкенттегі әлем чемпионатындағы бірінші айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
86 келіде өнер көрсететін Сағындық 1/16 финалда конголық Натан Нланду Мбелимен жұдырықтасты.
Екінші раундта қазақ боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта Сағындық конголықты тағы бір есеңгіреткеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты да, Сағындық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.