Қазақ боксшы өзін масқаралаған дивандағы сыншылардың "аузын жапты"
Америкада жаттығып жүрген қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) тозығы жеткен қолғаптарына қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкада жаттығып жүрген қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) тозығы жеткен қолғаптарына қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қайыршылардікі бұдан жақсы". АҚШ-та бапкер қазақ боксшының қолғаптарына бас шайқады
"Жыртық қолғаппен жаттығып, сіздерді масқара еткенім үшін кешірім сұраймын. Дәл қазір оларды лақтырып жіберемін. Көлігімнің бампері мен оң жағы қисайған және артқы шамдары сынық. Оларды да сіздерді ұятқа қалдырмас үшін лақтырып жіберейін. Ал шынына келсек, мұндай қолғаппен жаттығу ұят және масқара емес", - деді боксшы.
Сонымен бірге, боксшы жақсы пікір жазғандарға алғысын білдірді.
"Бала кезімнен өз еңбегіммен табыс таптым, анама көмектесемін. Мұндай қолғаппен жаттығу масқара емес. Ал жалпы бұл әзіл болатын. Бұл қолғаптарды мен мешок ұрғанда ғана қолданамын. Ал спарринг үшін басқа қолғабым бар. Маған алаңдаушылық білдіріп отырғандардың бәріне алғыс айтамын", - деді ол.
Жарнама