Бокс
1 наурыз 23:28

Қазақ боксшы нокдаунға екі рет түсіп тұрып өзбектен жеңісті жұлып алды

©Instagram

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Станджа кубогі-2025 турнирінің жартылай финалында қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов өзбекстандық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Еуропаның ең көне бокс турнирінде бүгін ерлер арасында жартылай фианлдық айқастар өтіп жатыр. 

Есеңгіреп, ес жинап, жеңісті жұлып алды

75 келіде өнер көрсететін қазақ боксшы Джавохир Умматалиевпен жұдырықтасты. Бірінші раундта-ақ өзбек боксшы Нұрсейітовті нокдаунға түсіріп, бірінші раундта анық жеңіске жетті.

Екінші үш минуттықта Тимур жақсы өнер көрсетіп, раундты алды. 

Ал үшінші раунд аяқталуға бір секунд қалғанда төреші Тимурға тағы да нокдаун есептеді. Дегенмен үшінші раундта да Тимур ұпай санымен басым түсіп, финалға жолдаманы жеңіп алды. 

Енді ертең өтетін финалда Тимур өзге қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықовпен алтынды сарапқа салады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport