Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО) жаттығу лагерін бірге өткізіп жүрген мексикалықтар Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) пен Хайме Мунгияға (44-2, 35 КО) қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бек боксшылармен жаттығу залында бірге түскен суретін жариялапты
"Канело мен Хайме жаттығу лагерін аяқтап, алдағы жекпе-жектеріне аттанды. Жігіттерге сәттілік. Әлемдік деңгейдегі бокс жұлдыздарымен бір залда жаттығуға мүмкіндік бергендеріңе рахмет! Ал біз келесі жекпе-жекке дайындаламыз".
Еске салайық, Альварес 3 мамыр Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) IBF чемпионы кубалық Вильям Скуллмен (23-0, 9 КО) абсолют чемпион атағы үшін айқасады.
Мунгия осы бокс кеші аясында франциялық Бруно Сураспен (26-0-2, 5 КО) қарымта жекпе-жек өткізеді, былтыр желтоқсандағы бірінші айқасында мексикалық нокаутпен жеңілген еді.
Бек ай сайын айқас өткізіп жүр
Ал Бектің өзі 5 сәуір Филадельфиядағы бокс кешінде костариколық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Енді келесі айқасын қазақ боксшы 24 мамыр Сан-Диегода өткізеді.
Жарнама