Бокс
7 қазан 2020 10:30

Қазақ боксшы Минскте WBA титулын жеңіп алды

Сурет: arnapress.kz
27 жастағы қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (7-1, 3 КО) он раундты жекпе-жекте 19 жастағы украиналықты жеңіп, жартылай орта салмақта WBA Asia белбеуін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақ боксшының қарсыласы Назри Рахимов (6-1, 3 КО) болды. Дәукенов жекпе-жекте толықтай басым екенін көрсетті, нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Дәулетке берді. 

Бокс кеші Белоруссия астанасы Минскте өтті. Дәукенов үшін бұл 2020 жылға екінші жекпе-жек болып тұр. Ақпанда ол өзге украиналық боксшы Сергей Сорокамен жұдырықтасып, оны да төрешілер шешімімен жеңген.