Қазақ боксшы мен WBC чемпионының айқасы ресми белгіленді

WBC ұйымы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) орта салмақ чемпионы доминканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) жекпе-жекке шығатынын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC ұйымы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) орта салмақ чемпионы доминканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) жекпе-жекке шығатынын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 ақпанда Адамес өз титулын британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) айқаста қорғап қалды. Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өткен бұл жекпе-жек тең аяқталды.
Бұл айқастан кейін ұйым доминиканалықты Нұрсұлтановпен жекпе-жекке міндеттеп отыр.
WBC Status by Division February 2025. https://t.co/NynE1y0M6r
— World Boxing Council (@WBCBoxing) February 26, 2025
Жарнама