Қазақ боксшы кіші әлем чемпионатының сенсациясын жеңді

Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бокстан Странджа кубогінде кезекті жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бокстан Странджа кубогінде кезекті жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып 57 келіде өнер көрсететін Оразбек Асылкұлов шықты.
1/8 финалда қазақ боксшының қарсыласы бразилиялық Луис Оливейра болды. Асылқұлов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Айта кетейік, Оливейра осының алдындағы жекпе-жекте әлем чемпионы америкалық Джамал Харвиді жеңіп, сенсация жасаған болатын.
Жарнама