Қазақ боксшы "Канеломен" сппарингтер өткізеді

Суперорта салмақтағы қазақ боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) осы дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) спарринг серігі болды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне жағдайға жақын дереккөз хабарлады.

Головкинге қарсы дайындық? "Канело" Ербосынұлын неге шақырғаны айтылды
Кеше Ербосынұлы Сан-Диегодағы Альварестің залына келді. Айдос "Канелоға" 7 мамыр Лас-Вегаста өтетін Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) айқасқа дайындалуға көмектеседі.
Еске салайық, Ербосынұлы өз кезегінде WBA белбеуіне ие кубалық Давид Морреллмен (6-0, 5 КО) жекпе-жекке дайындалады. Айдоспен бірге АҚШ-қа тағы бес қазақстандық боксшы аттанды.
Жарнама