Қазақ боксшы Канеломен жаттыққан нокаутшымен айқасты

Талғат Сырымбетов Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Евгений Павловтан басым түсті.
Талғат Сырымбетов Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Евгений Павловтан басым түсті.
60 келідегі 1/2 финалда Талғат қарсыласын төрешілер шешімімен жеңіп отыр.
Осылай Сырымбетов Қазақстан чемпионатының финалына өтті.
Айта кетейік, Павлов кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, он жекпе-жегінің сегізінде нокаутпен жеңген. 2021 жылдан бері бірінші жеңіл салмақта WBA International титулына ие және екінші орта салмақ чемпионы Сауль Канело Альварестің залында жаттыққан болатын.
Жарнама