Бокс
7 наурыз 10:52
 

Қазақ боксшы "Канеломен" айқаста әлемді шок етуге уәде берді

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы "Канеломен" айқаста әлемді шок етуге уәде берді ©Metaratings

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері бойынша бас басқармасының төрағасы әрі инвестор Турки Әл аш-Шейхке үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері бойынша бас басқармасының төрағасы әрі инвестор Турки Әл аш-Шейхке үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы суперинвестордан мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұрады. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

Ал мексикалық жұлдыз болса екінші орта салмақта IBF титулына ие кубалық Уильям Скуллмен (23-0, 9 KO) жекпе-жекке дайындалып жатыр. Алайда қазақстандық "Канелоға" өзін лайықтырақ қарсылас деп санайды. 

Қазақ боксшы әлемді таңдандыратынына сенімді. 

"Канелоның" қарсыласы кім болатынын білмеймін, бірақ, менде екі чемпиондық белбеу бар. Неге ол менімен жұдырықасқысы келмейді? Турки, маған "Канелоны" бер де, ғаламат жекпе-жекті тамашала. Сен шок боласың!", - деп жазыпты Жәнібек Х әлеуметтік желісінде. 

Әлімханұлының өзі 5 сәуір Астанада IBF рейтингінде жетінші тұрған франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жекпе-жекке шығады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!