Қазақ боксшы халықаралық турнирде өзбек нокаутшыны жеңді

Шымкентте Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.
Бүгін 60 келідегі 1/8 финалда қазақстандық Талғат Сырымбетов пен өзбекстандық Абдували Бурибоев жұдырықтасты.
Шымкентте Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.
Бүгін 60 келідегі 1/8 финалда қазақстандық Талғат Сырымбетов пен өзбекстандық Абдували Бурибоев жұдырықтасты.
Үш раунд қорытындысы бойынша Сырымбетов төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Бурибоев кәсіпқойда да өнер көрсетеді. Ол кәсіпқойдағы сегіз жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен, оның алтауы нокаутпен.
Турнир 5 қазанға дейін өтеді, ал жарысқа 100 аса боксшы қатысып жатыр.
Жарнама