Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің" финалына өтті, деп жазады Vesti.kz.
60 келіде өнер көрсететін Талғат жарытлай финалда жапониялық Сото Накаямамен жұжырықтасты. Бірінші раундта жапониялық басым болды. Дегенмен кейінгі раундтарда Сырымбетов адуындап, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Осылайша, қазақ боксшы жеңіске жетіп, финалға өтіп отыр.
Енді шешуші айқаста ол өзге қазақстандық Серік Теміржановпен алтынды сарапқа салады.