75 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Странджа кубогінің ширек финалында өзбекстандық Алохон Абдуллаевты жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұрқанат үшінші раундта екі рет нокдаунға түскенін айта кету керек. Дегенмен ол жеңіске жете алды.
Осылайша, Нұрқанат кіші әлем чемпионатының қола жүлдесіне ілігіп отыр. Мұның алдында 57 келіде Оразбек Асылқұлов та жартылай финалға өте алған болатын.