Қазақстандық боксшы Жолдас Жеңісов (9-0, 4 КО) WBC гран-приінде 1/16 финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңілмеген боксшыны бір соққыменЖартылай жеңіл салмақтағы қазақ боксшы бұрын жеңіліп кқрмеген испаниялық Әл Язид Эззаиданимен (6-1, 4 КО) жұдырықтасып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
Келесі раундта Жолдас өзбекстандық Аюбхон Бахтиеровпен кездеседі, ол бірінші айқасында франциялық Джамал Хаджабты алтыншы раундта нокаутқа түсірген еді.
Бұл турнирге Қазақстан атынан Жеңісов қана барған жоқ - жартылай жеңіл салмақта Александр Ковригин (8-0, 6 КО) де бар.
Қазақстан атынан қатысқан өзге салмқатағы боксшылар:Жартылай орта дивизион:
Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 КО)
Нұржан Серікбаев (5-0, 5 КО)
Орта салмақ:
Елхан Табынбаев (8-1, 6 КО)
Бұл турнир Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) және Сауд Арабиясы Ойын-сауық басқармасының бас төрағасы Турки Әл аш-Шейхтің қолдауымен өтіп жатыр. Төрт салмақтағы бокс сериясына 41 елден 128 боксшы қатысуда. Жекпе-жектер Riyadh Season аясында өтіп, Сауд Арабиясында толыққанды бес бокс кешіне жалғасады.