Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (12-2, 11 КО) кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ыстамбұлда өткен бокс кешінде Еділ үндістандық Кулдип Сингхпен (8-5-1, 5 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда Еділ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп отыр. Бұл Қомажмбердиевтің карьерасындағы 14-ші айқасы.
Осылайша, қазақ боксшы бірінші ауыр салмақта аймақтық WBC Middle East белбеуін жеңіп алды және екінші деңгейлі IBA Champion, WBC Asia Champion, WBA Asia Champion, UBO Intercontinental Champion титулдарын қорғап қалды.