Қазақ боксшы Азия ойындарының жүлдесін иеленуі мүмкін: оның қарсыласы допингпен ұсталды
Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллин Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атануы мүмкін. 63,5 кило салмақтың ширек финалында отандасымызды жарыс жолынан шығарған моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухийн допинг қолданған спортшылар тізіміне енді, деп хабарлайды Мassaget.kz.

Халықаралық антидопинг агенттігі (ІТА) Азия ойындарында допинг қолданды деп күдікке ілінген 16 спортшының тізімін жариялады. Олардың қатарында чемпион атанған моңғол боксшысы да бар.
Моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухийннің допинг сынамасынан Дүниежүзілік антидопинг агенттігі (WADA) тыйым салған препарат табылды, - деп хабарлайды ITA.
Моңғол боксшысының допинг қолданғаны ресми түрде дәлелденсе, Азия ойындарындағы алтын медаль Тайвань елінің спортшысы Эн Чу Лайға беріледі. Ал отандасымыз Ертуған Зейнуллин қола жүлдегер атанады.
Айта кетейік, Ертуған моңғол боксшысына дейін сенсация жасап, әлем чемпионатының қола жүлдесі атағына ие тәжік боксшысы Баходир Усмоновты жеңген еді.
Жарнама