Бокс
5 желтоқсан 15:08

Қазақ боксшы Азия чемпионатында кәсіпқойдағы нокаутшымен айқасты

©Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстан ерлер құрамасы сапынан бір боксшы Азия чемпионатын ерте аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды msports.kz.

Бейбарыс ширек финалдағы жекпе-жекте тәжік боксшысы Акмаль Убайдовқа есе жіберді. 

Акмаль 2021 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Бейбарыс бірінші жекпе-жегінде өзбек Дильшод Абдумуродовты жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport