Қазақ боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутпен жеңді

1 желтоқсанда Таиландтағы боктан Азия чемпионатының екінші жарыс күні 57 келідегі қазақ боксшы Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегін өткізді.
1 желтоқсанда Таиландтағы боктан Азия чемпионатының екінші жарыс күні 57 келідегі қазақ боксшы Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегін өткізді.
1/8 финалда ол малазиялық Зульхайлан Мохаммадпен жұдырықтасты. Бұл айқаста Оразбек екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді де, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Асылқұлов техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтіп отыр. Енді 5 желтоқсанда Оразбек ринг қожайыны Чуджан-Ат Пануватпен жұдырықтасады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасынан 67 келіде Дулат Бекбауов та ширек финалға өткен болатын.
Жарнама