Бокс
5 сәуір 12:46

Қазақ боксшы Әлем кубогі финалында өзбекстандықпен айқасады

©World Boxing

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогінің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келідегі 1/2 финалда қазақстандық боксшы үндістандық Маниш Ратхорды таза жеңді.

Бұл салмқатағы жартылай финалдық өзге айқаста өзбекстандық Миразизбек Мирзахалилов гватемалалық Хосе Миянгостан басым түсті. 

Енді 6 сәуірдегі финалда Нұрсұлтан алтын үшін Мирзахалиловпен жұдырықтасады.

Мұның алдында бұрымдылар арасында Жазира Орақбева (51 кг) финалға өтті, ал Ұлжан Сәрсенбек қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport