АҚШ-та жаттығып жүрген қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) залдан қызықты видео жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Айдын бапкерге тозығы жеткен қолғаптарын көрсетті, маман олардың күйін көріп, таңырқап күліп жіберді. "Досым, үйсіздердің қолғаптары мынадан жақсы", - деді маман.
Боксшыны өзі болса әзілдеп: "Меніңше, жап-жақсы қолғаптар. Қазақстанда бұдан жаманымен жаттығатынбыз, спарринг те өткіздік сонымен, оның қасында бұлар жап-жаңа", деді.