Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов ұлттық құраманың Әзірбайжан астанасы Баку мен Ресейдің Хабаровск қаласындағы жарыстардан кейінгі дайындық жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Алда Моңғалия және Қырғызстанда өтетін турнирлер бар. Сондай-ақ, Таиландта өтетін Thailand Open, Чехиядағы жарыстар бар. Алдағы оқу-жаттығу жиындарынан кейін спортшыларымыз турнирлерге аттанатын болады. Бұл кішігірім жарыстар жас спортшыларымыздың өзін көрсетуі үшін таптырмас мүмкіндік.
Ең басты жарыстарымыздың бірі Астанада өтетін Әлем кубогының екінші кезеңі болмақ, бұл жарысқа 1-2 нөмірлі боксшыларымыз қатысады”, - деді бас бапкер.
Еске салайық, Әлем кубогінің бірінші кезеңі Бразилияда өтті. Қазақстан ол жарыста үш алтын және үш қоламен жалпыкомандалық есепте Өзбекстан мен Бразилиядан кейін үшінші болды.
Әлем кубогінің келесі кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығы Қазақстанда өтеді. Ал 21-27 шілде аралығына жоспарланған шеуші кезеңнің өтетін орны әлі таңдалған жоқ.
Жарнама