Бокс
1 мамыр 2017 14:54
 
Қайрат Ералиев Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Қайрат Ералиев Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына өтті Қайрат Ералиев. Сурет: Данияр Майлыбаев

Қайрат Ералиев Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы филиппин боксшысы Марио Баутистамен жұдырықтасып, судьялардың бірауыздан қабылданған шешімімен қарсыласын жеңіп шықты. 

Енді екінші кезеңде Қайрат Ералиев Асрор Вохидов (Тәжікстан) - Риомей Танака (Жапония) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Жекпе-жек 3 мамырға белгіленген.

Еске сала кетейік, бүгін, 1 мамырда Қайрат Ералиевтен басқа Ержан Жомарт (52 келіге дейін), Бекдаулет Ибрагимов (64 келіге дейін) және Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) жекпе-жек өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!