Бокс
31 мамыр 2021 10:27
 
"Қайғылы оқиғадан сақтады". Шетелдік сарапшы Батыр Жүкембаев бапкерінің шешімін құптады

  Пікірлер

blog.share

"Қайғылы оқиғадан сақтады". Шетелдік сарапшы Батыр Жүкембаев бапкерінің шешімін құптады Сурет: Fightnews.info

ESPN Knock Out сарапшысы Фернандо Барбоса қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 КО) кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Ол боксшының командасы (бапкер Мэнни Роблес) жекпе-жекті тоқтатып, дұрыс шешім қабылдады деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Батыр өткен демалыста Лос-Анджелестегі бокс кешінде пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (17-1, 17 КО) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген айқас сегізіншісінен кейін тоқтатылды. 

"Сабриельдің Жүкембаевтан толықтай басым түскені таңдандырады... Матиас масқара жұмыс істеді! Жүкембаевтың командасы қайғылы оқиғадан сақтанды, дұрыс шешім, жұмыстарын жақсы атқарды", - деп жазыпты ол Twitter желісінде. 

Жарнама

Живи спортом!