Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) польшалық Мацей Сулецкиймен жұдырықтасқысы келмей қалған сияқты, деп хабарлайды vRinge.
Жекпе-жек 18 маусымға жоспарланған еді, алайда, Чарлоның жарақатына байланысты ол өтпей қалды. Енді америкалық қайтадан ескі әніне көшті.
"Келесіде Деметриус Андрадемен айқасқым келеді, сондықтан қайдағы жоқты айта берудің керегі жоқ. Одан кейін Андреаспен жекпе-жекке шыққым келеді. Тағы кіммен шыққым келсін? Головкинмен бе? Головкин "Канеломен" жұдырықтаспау керек еді. Альварес сені сабады емес пе, сондықтан менімен шық... Мунгия менен қашып жүр, кішкентай құйыршық. Оскар Де Ла Хойямен, Давид Бенавидес, Деметриус Андраде және Крис Юбенк пе еді, қалай аты? Осылармен кездескім келеді. Головкинмен де. Головкинмен айқасамын", - дейді Чарло.