"Кавказдың ең қауіпті боксшысы" қазақстандық нокаутшымен жекпе-жектен бас тартты
Ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен "Арыстан" лақап атты дағыстандық Арсланбек Махмудов (15-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен "Арыстан" лақап атты дағыстандық Арсланбек Махмудов (15-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдерлік ақпарат бойынша, Махмудов WBC Silver белбеуін босатып, Кособуцкийдің орнына нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) айқасты таңдады. Мұндай шешімнің мән-жайы айтылмады.
Сарапшы қазақстандық нокаутшының "Кавказ Арыстанымен" айқасының құнын атады
Еске салайық, Жан мен Арсланбек жекпе-жегін WBC ұйымы былтыр белгілеп қойған болатын. Бұл кездесу 2023 жылдың мамырында өту керек еді. Осы айқастағы жеңімпаз рейтингте бірінші орынға шығып, WBC чемпионы әйгілі Тайсон Фьюриге (33-0-1, 24 КО) міндетті қарсылас атанар еді.
Айта кетейік, 2020 жылы "Ушатайка" YouTube арнасы Махмудовты Кавказдың ең қауіпті боксшысы деп атап, одан сұхбат алған болатын.
Жарнама