"Қатесін түсінсе...". Сарапшы қазақстандық нокаутшының Головкин кардындағы айқасына қатысты
World Boxing News сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Али Ахмедов (18-1, 14 КО) пен Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) айқасына қатысты ойын айтты.
World Boxing News сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Али Ахмедов (18-1, 14 КО) пен Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) айқасына қатысты ойын айтты.
Суперорта салмақта IBF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы титулы үшін айқас 17 қыркүйек Лас-Вегаста Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясының кардында өтеді.
"Росадо жас емес. Қазір ол мықты әрі тәжірибелі боксшы, ол өзінің дәрежесіне сенеді. Оның шеберлік деңгейі Ахмедовтікінен жоғары. Алайда жасы мен амбиция жастау боксшының мүмкіндігін арттырып отыр. Жекпе-жек толықтай өтуі мүмкін, бірақ, нокаут та болуы ықтимал. Екі боксшыда да нокаутқа қажеттінің бәрі бар. Бұл Ахмедов үшін жақсы айқас, бұл кездесу қазақстандық жеңілістен кейін қателерін түсінді ме, соны көрсетеді. Мен керемет айқас болады деп ойлаймын және нақты кімде басымдық барын айту қиын", - дейді Джей.
Жарнама