Бокс
28 ақпан 2020 10:39

Кәсіпқойдағы бірінші айқас. Қазақстандық Азия чемпионының жекпе-жегі белгіленді

© ҚБФ
2019 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 28 наурыз Алматыда өткізеді, - деп хабарлайды MTK Global.

"Халық Аренада" өтетін бокс кешіне Жанқош Тұраров пен Али Балоев сияқты өзге де қазақстандық боксшылар жұдырықтасады. 

Еске салайық, 26 жастағы Құлахмет үш дүркін Қазақстан чемпионы. Ол 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен, ал Азия және әлем чемпионатына Әбілхан Аманқұлдың жарақатына байланысты арған еді.