Ауыр салмақтағы америкалық боксшы Джошуа Эдвардс (1-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі дебютімен назарға бірден түсті. Жуырда өткен айқаста ол отандасы Ларри Гонзалесті (0-1-1) екінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірден сарапшылар назарына түсті
Америкалық бапкер Кристина Лопестің ойынша, Эдвардс қазіргі таңда суперауыр салмақтағы аты шыққан Баходир Джалоловты (15-0, 14 КО) жеңе алады екен.
Лопес әлеуметті желіде Джошуа кәсіпқойда бір ғана айқас өткізгенімен, жаттығу кезінде Джалоловтың деңгейіндегі боксшыларға қарсы өзін жақсы көрсеткенін жазды. Мамамнның ойынша, Эдвардс - өзбекстандыққа бәсекелес болып қана қоймай, оны жеңіп кетеді.
Эдвардстың жаттығулары сарапшыларды оны болашақ чепион дегізіп отыр және көпшілік оны қазірден-ақ болашағы зор боксшы боларына сенімді.
Еске салайық, Джалолов 5 сәуір Астанада төрешілер шешімімен украиналық Игорь Шевадзуцкийді (12-3, 10 КО) жеңген еді.
Жарнама