BoxingGuru твиттер акаунты Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұт Сабырханның (1-0, 1 КО) кәсіпқойдағы бірінші жекпе-жегіне баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
5 сәуір Астанада өткен бокс кешінде Махмұт екінші өте жеңіл салмақта вьетнамдық Данг Дак Хайнхты екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
"Махмұт Сабырхан кәсіпқойда алғашқы айқасын керемет өткізіп, 2-раундта жеңіске жетті! Болашақ әлем чемпионы келе жатыр", - делінген жазбада.
Махмұт әуесқойда әлем чемпионы (2023) және Азия біріншілігінің жеңімпазы (2024). Ал кейбір сарапшылар оның стилін әйгілі Ломаченконікіне ұқсатады.
Айта кетейік, бұл кеште Махмұттың інісі Төрехан да жекпе-жекке шығып, ол да нокаутпен жеңіске жетті.