22 қарашада Нұрдос Дубайдағы Rotunda Rumble II турнирінде жұдырықтасады. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бокс кешін MTK Global компаниясы ұйымдастырып отыр, бұл шоуда бірінші орта дивизиондағы 25 жастағы Абылхайыр Шегалиев (7-0, 4 КО) те жекпе-жек өткізеді.
Кәсіпқой карьерасын Төлебай 12 қазан Алматыда бастап, төрт раунд қорытындысы бойынша 22 жастағы грузиялық Торник Канделакиді (4-6, 3 КО) төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңген еді. Ал әуесқойда түркістандық боксшы Қазақстанның жастар чемпионатының финалына дейін жеткен.