Бокс
3 шілде 2021 15:52
 
Кәсіпқой боксшы Қоңқабаевқа Джалоловты жеңу жолын айтты

  Пікірлер

blog.share

Кәсіпқой боксшы Қоңқабаевқа Джалоловты жеңу жолын айтты Сурет: ҚБФ

Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Иван Дычко Токиодағы Жазғы ойындарындағы суперауыр салмақтағы мықтылардың текетіресіне қатысты ойын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Баходир Джалоловты жеңу үшін Қамшыбек Қоңқабаевқа өзгерістер керек деген ойда. 

Қоңқабаев пен Джалолов кейінгі рет Азия чемпионатында жұдырықтасып, өзбек боксшысы төрешілер шешімімен басым түскен. 

"Бұл боксшылар бір-бірін көптен біледі. Бірнеше жекпе-жек өткізді - бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүрді. Сондықтан техника мен тактикада да жаңа бірдеңе көрсету қажет. Бірінші кезекте күш қосу керек. Сосын қарсылас үшін тосын болатын элементтер болғаны жөн", - дейді кезінде Джалоловты жеңген Дычко. 

Еске салайық, Қоңқабаев пен Джалолов кейінгі жылдары ең ірі жарыстардың финалдарында айқасып келеді. Өзара есеп әзірге 4-3, өзбек боксшының пайдасында. 

Жарнама

Живи спортом!