Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (12-2, 5 КО) Чехия астанасы Прагада өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
30 жастағы қазақ боксшы 21 жастағы колумбиялық Эбер Тобарды (8-4-3, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жекпе-жекте Дәулет жартылай орта салмақта Чехия чемпионы атағын жеңіп алды. Ал өткен айқасында Дәукенов WBC ұйымының ТМД, славян және балтық елдерінің Бокс бюросы бойынша титулын жеңіп алған еді.