Бокс
4 қыркүйек 2023 10:30
 

Қарсыласын нокаутқа түсірген экс чемпион Головкинді айқақса шақырды

  Пікірлер

blog.share

Қарсыласын нокаутқа түсірген экс чемпион Головкинді айқақса шақырды ©RingSide24

Британиялық боксшы кіші Крис Юбенк қазақстандық Геннадий Головкинді кезекті рет жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Британиялық боксшы кіші Крис Юбенк қазақстандық Геннадий Головкинді кезекті рет жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен бокс кешінде Юбенк отандасы Лиам Смитті екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл IBO чемпионы болған Юбенктің сәтті қарымтасы болды. Қаңтарда өткен алғашқы айқаста Смит оныншы раундта Юбенкті нокаутқа түсірген еді. 

"GGG-мен айқасқым келеді. Қазір қайда екенін білмеймін, бірақ Геннадий қайда болсан да - бұл титулдар сенің қолында көп тұрып қалды. Мен олардың бірін алып, сені жеңгім келеді", - деп береді Юбенктің сөзін "Спорт Шредингера".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!