Бокс
4 желтоқсан 14:45
 

Қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Қазақстандық боксшы АЧ-де бірінші айқасында-ақ жүлдеге жетті

  Пікірлер

blog.share

Қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Қазақстандық боксшы АЧ-де бірінші айқасында-ақ жүлдеге жетті ©olympic.kz. Владислав Семёнов

Бүгін, 4 желтоқсан Чангмайдағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бірден ширек финалдан бастады. 

blog.share

Бүгін, 4 желтоқсан Чангмайдағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бірден ширек финалдан бастады. 

71 келіде өнер көрсететін Абылай түркменстандық Байрамдурды Нурмухаммедовпен кездесу өткізіп, қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді - 5:0. Үшінші раундта Жүсіпов қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді. Осылайша, Абылай жартылай финалға өтіп, кемі қолаға жетіп отыр. 

Айта кетейік, Жүсіпов Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021). Сонымен бірге, ол 2017 жылы Азия чемпионатының күмісін алған. Абылай шілде айында кәсіпқой бокстан кетіп, құрамаға қайта қосылған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!