Қарсыласын 43 секундта құлатқан қазақ боксшы WBA титулы үшін айқасады

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді.
Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді.
Балауса 25 шілде Таиланд астанасы Бангкоктағы бокс кешінде өте жеңіл салмақта WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады. Қарсылас есімі әзірге белгісіз.
Балауса кейінгі рет 1 шілде Алматыда жұдырықтасып, 43 секундта үндістандық Моника Сингхті нокаутқа түсірген еді. Осы жеңіс арқасында ол BoxRec рейтингінде 115-тен 95-орынға көтерілді
Жарнама