Қарсыласы түк түсінбей отыр. Бейбіт Шүменов чемпиондық жекпе-жектен бас тартты
Бірінші ауыр салмақта WBA Regular титулына ие қазақстандық Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) титулды жекпе-жектен бас тартты. Бұл туралы RingTV басылымына америкалық Рафаэль Мерфи (14-1, 11 КО) хабарлады.
Бірінші ауыр салмақта WBA Regular титулына ие қазақстандық Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) титулды жекпе-жектен бас тартты. Бұл туралы RingTV басылымына америкалық Рафаэль Мерфи (14-1, 11 КО) хабарлады.
Мұның алдында қазақ боксшы 29 қаңтар Голливудтағы Seminole Hard Rock Casino шаршы алаңында өтетін бокс кешінде рингке шығатыны туралы ақпарат тараған.
Алайда Мерфидің сөзінше, қазақстандық боксшы жекпе-жектен бас тартты. Себебі белгісіз. Ал Рафаэльдің өзі Флоридаға келгенімен, оған кіммен жұдырықтасатынын әлі айтылмаған екен.
Оның үстіне, мәлімет көзінің хабарлауынша, аталған күнге спорт алаңы брондалмаған. Ал бокс кешіне қатысады дегендер бұл шоу бойынша жазбаша келісім жасамаған да екен.
Жарнама