Қарсыластарын екі раунд шыдатпайтын қазақ нокатушы әлемдік рейтингте көтерілді
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО) Америкадағы нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте жоғарлады.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО) Америкадағы нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте жоғарлады.
26 қазанға қараған түні Бек Сан-Джасинтодағы (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысты. Қазақ боксшының қарсыласы "Бандит" лақап атты мексикалық Хоакин Мурриета Лусио (13-13-3, 11 КО) болды. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда Бек қарсыласын екіншісінде нокаутқа түсірді.
Осы жеңіс арқасында қазақ бкосшы Boxrec.com рейтингінде алты саты жоғарлап, 14-орынға жайғасты.
Айт кетейік, Бек бұған дейін былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, ол кезде де америкалық Джошуа Конлиді (17-7-1, 11 КО) екінші раундта құлатқан еді.
Жарнама