Қарсылас ауыр салмақ чемпионы. Головкиннің жекпе-жегі туралы хабарланды
Белгілі америкалық инсайдер Майкл Бенсон орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин рингке оралатыны туралы ақпарат таратты.
Белгілі америкалық инсайдер Майкл Бенсон орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин рингке оралатыны туралы ақпарат таратты.
Мәлімет бойынша, Головкиннің қарсыласы Швеция атынан өнер көрсететін тегі гамбиялық Баду Джек болады. Ол бірінші ауыр, жартылай ауыр және екінші орта дивизионда чемпион болған.
Ал бұл жекпе-жекте жаңа салмақтағы ("бриджервейт") WBO титулы сарапқа салынады екен-мыс. Бокс кеші 13 наурыз Монте-Карлода өтетіні де жазылыпты.
‼️FIGHT ANNOUNCED
— MichaelBensonn (@Bestboxingnews) January 5, 2025
Badou Jack vs Gennady Golovkin
WBO Bridgerweight World Title
March 13th, Monte Carlo
[@ringmagazine]
Бұл жерде бір гәп бар
Бірақ бұл жерде бір мәселе бар. Бұл Бенсонның фейк аккаунты. Былтыр ол өз парақшасын The Ring журналына сатқан, ал журналдың өзін Сауд Арабиясының Ойын-сауық бойынша бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх сатып алған еді.
Осыдан кейін Майкл Бенсонның атынан ешқандай дәлелі жоқ бірнеше фейк ақпарат тараған екен.
Жаңа салмақ қайдан пайда болды?
Ал жаңа салмаққа қатысты айтар болсақ, 2020 жылы оған WBC президенті Маурисио Сулейман санкция берген болатын. Ол кезде Сулейманның бастамасы басқа үш маңызды тұжырымға (WBA, WBO және IBF) қатысты болмады. Бұл ұйымдар бастаманы қолдамады да және оған қарсы да болмады.
"Бриджервейт" бірінші ауыр және ауыр салмақтың арасы болмақ. Бұл дивизионда 90,72 мен 101,6 келі салмақ арасындағы боксшылар өнер көрсетуі тиіс. WBA басшысы Хильберто Мендосаның сөзінше, бұл салмағында үлкен айырмашылық бар боксшылардың айқасуына жол бермеу үшін жасалған.
Ал Головкин рингке үш жыл шықпады
Головкин 2022 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Канело Альварестен төрешілер шешімімен жеңілгелі бері рингке шыққан жоқ. 2024 жылы ақпанда Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалы комитетін басқара бастады. Сонымен қатар, ол әуесқой боксқа қатысты жаңа ұйым World Boxing-те олимпиадалық комиссиясының төрағасы.
Жарнама