Бокс
11 мамыр 2022 18:17
 

Карина Ибрагимова да әлем чемпионатының екінші кезеңіне өтті

  Пікірлер

blog.share

Карина Ибрагимова да әлем чемпионатының екінші кезеңіне өтті ©instagram.com/karina__ibragimova/

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы екінші айналымға шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы екінші айналымға шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші кездесуінде румыниялық Клаудиа Ничитаға қарсы жұдырықтасты. Бұл кездесудің үш раундының қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Ибрагимоваға берді. 

Айта кетейік, бұл Ибрагимова үшін екінші әлем чемпионаты. Ол 2018 жылы Нью-Дели қаласында өткен біріншілікте қола жүлде иеленген еді. 

Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші кезеңіне Алуа Балқыбеков (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) шыққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!