"Қарғыс атқыр". Головкин мен "Канелодан" да титулды тартып алған IBF сынға ұшырады
Әйгілі The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер чемпиондарға қатысты ұстанымдары үшін Халықаралық бокс федерациясын (IBF) сынға алды.
Сауль "Канело" Алвьарес (52-1-2, 35 КО) биыл мамырда америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жекпе-жекте IBF титулын жеңіп алған болатын. Кейін ұйым мексикалықты міндетті қарсылас Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жекке міндеттеді. Тараптар келіссөздер жүргізгенімен, дедлайнға дейін бір шешімге келе алмады. Осылайша, IBF Альварестен белбеуді тартып алды.
5 тамызда IBF бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жекпе-жегіне рұқсат берді. Тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл жекпе-жек 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді деп күтілуде.
Айта кету керек, 2018 жылы Головкин де IBF титулынан ұқсас жағдайда айырылған - Деревянченкомен жұдырықтаспады. Мұның орнына қазақстандық боксшы "Канеломен" қарымта өткізді. Ал Деревянченко бос қалған белбеу үшін жекпе-жекте Джейкобстен жеңілген еді.
"Былтыр IBF ұйымында Головкинді белбеуден айыруға себеп болған емес, Деревянченко - Кулькай жекпе-жегінің жеңімпазын міндетті қарсылас қылуға да негіз жоқ еді. Ал бұл қарғыс атқыр белбеуді үш ай бұрын ғана жеңіп алған "Канелодан" тартып алу мүлде негізсіз", - деп жазыпты Фишер өз айдарында.