Британиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) болашағы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен онымен карьерасы туралы толық сөйлескенім жоқ. Бірақ ол ары қарай да жұдырықтасқысы келетіні көрініп тұрды. Ол екінші орта салмақта жұдырықтасады деп ойлаймын, өйткені тым көп уақыт орта дивизионда болды.
Меніңше, Головкиннің ішкі дауысы: "Мен Фалькаомен айқасқым келмейді, Ларамен де, сондықтан маған белбеулер керек емес. Менің былай да атым шыққан" деп тұрған сияқты", - деп береді Хирннің сөзін Boxingscene.com.