"Қанға шомылды...". Шетелдік БАҚ Головкиннің ең жарқын жекпе-жегін еске алды
Бокс туралы The Squared Circle твиттер-аккаунты қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) америкалық Габриэль Росадоға (26-13-1, 15 KO) қарсы жекпе-жегін еске салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокс туралы The Squared Circle твиттер-аккаунты қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) америкалық Габриэль Росадоға (26-13-1, 15 KO) қарсы жекпе-жегін еске салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл айқас 2013 жылы Нью-Йоркте өтіп, жетінші раундта Головкин нокаутпен жеңген болатын.
"Бұл қанға шомылу болды. Орта салмақта IBF чемпионы Геннадий Головкин 2013 жылы Мэдисон-сквер-гарденде сол жақ жойқын соққысын жасағанда қансырап, таяқ жеген Габриэль Росадоның түрі бұзылып кетті", - делінген жазбада.
BRUTAL BLOODBATH!-
— THE SQUARED CIRCLE (@KT_BOXING) September 26, 2021
A bloodied and battered Gabriel Rosado grimaces as IBF world middleweight champion “GGG” Gennady Golovkin pulverises him with his ramrod left jab during their 2013 rumble at The Madison Square Garden Theater...#boxing #history pic.twitter.com/IWSsaxE4ja
Жарнама