Канелоның өзі қорқатын боксшы қазақты комаға түсірген нокаутшымен айқасты

Өткен демалыс Лас-Вегастағы бокс кешіндегі басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBA және WBC белбеулеріне мінедтті үміткерді анықтау үшін америкалық Давид Бенавидес (30-0, 24 КО) пен кубалық Давид Моррель (11-1, 9 КО) жұдырықтасты.

12 раунд қортындысы бойынша бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен Бенавидес жеңіске жетті.
Еске салайық, Бенвидестен атақты Сауль Канело Альварестің (62-2-2, 39 КО) өзі сескенеді. Ол Канелоны бірнеше рет айқасқа шақырғанымен, мексикалық одан әлі күнге дейін қашып жүр.
Ал Моррель 2022 жылы қазақстандық Айдос Ербосынұлын (16-1, 11 КО) нокаутқа түсірген болатын. Қазақ боксшы осыдан кейін ауыруханада коммада жатты. Содан бастап Айдос бокстан кеткен еді.
Жарнама