4 мамыр түнінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында үлкен бкос кеші өтеді. Кештің басты айқасында екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 KO) пен кубалық Вильям Скулл (23-0, 9 KO) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған қатысты vRINGe.com алдағы жекпе-жекке қатысты болжамын ұсынды.
"Букмекерлер ұсынған коэффициенттер арасындағы айырмашылық 20 есе емес, тіпті 100 есе болса да, күштердің арақатынасы өзгермес еді. Скулл үшін қандай да бір үміт тек фавориттің жарақат алуымен байланысты болуы мүмкін – бұл тек форс-мажор жағдайында ғана.
Кубалық боксшы жаман емес. Бірақ Канелодан асып түсетін ешбір артықшылығы жоқ – бұл соққы қуатынан бастап, жұдырықтасу қарқынына дейін.
Скулл үшін ең жоғары нәтиже – жекпе-жектің соңына дейін жету. Бұл оның қолынан келетін де шығар. Себебі қазіргі таңда "Канело" бұрынғыдай шабуылға асықпайды, ал кубалық боксшыда керісінше, қарсыластың шабуылын бұзу жағынан кәсіби тәжірибесі мол.
Біздің болжамымыз – Канело жеңіске жетеді, не ұпай санымен, не жекпе-жектің соңғы ширегінде нокаутпен", – делінген мақалада.
Жарнама