Бокс
17 қыркүйек 2021 17:17
 

"Канелоның" ағасы Қазақстанға таң қалып қайтты

  Пікірлер

blog.share

"Канелоның" ағасы Қазақстанға таң қалып қайтты ©instagram.com/boxeoalvarez/

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) туған ағасы Ригоберто Альварес Қазақстанға сапар жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) туған ағасы Ригоберто Альварес Қазақстанға сапар жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Альварестің үлкені Нұр-Сұлтандағы "Көшпенділер шайқасы 2" шарасына келген.  Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) бұл бокс кешінде Гайаналық  Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) жеңіп, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер атанды. 

Ригоберто Қазақстанға отандасы Бруно Сандоваль (21-5-1, 17 КО) командасымен бірге келгенге ұқсайды. Сандоваль кеш андеркартында қазақстандық Бек Нұрмағанбетке (5-0, 3 КО) есе жіберді.

Қазақстандықтарға жақсы таныс "Канелоның" ағасы Ригоберто елімізге келген өзге де қонақтар сияқты елорданың туристік нысандарын аралап, қонақжайлық пен қазақ асханасына өз бағасын беріп қайтқанға ұқсайды. Бұны Ригобертоныі Instagram парақшасындағы посттарынан көруге болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!