Бокс
17 мамыр 2022 11:52

"Канелоны" жеңе алады". Головкиннің экс бапкері трилогия жайлы

©Reuters

Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) экс- бапкері Абель Санчес әлі де болса қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Головкинмен тоғыз жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Оның мықты боксшы болуы үшін жаттығуда көп еңбектендік. Соның арқасында ол өзгелерден ерекше былғары қолғап шеберіне айналды. Қазір де сондай деңгейде деп ойлаймын. Джонатан Бэнкстің (ред. Головкиннің қазіргі бапкері) жаттықтыру стилі басқа. Кезінде Гена екеуміз физикалық тұрғыдағы жаттығуларды қайта бастайды деген сенімдемін және Джонаттанның жаңа идеяларын біріктіріп, "Канелоны" жеңеді деген ойдамын. Өз басым Геннадий алдағы уақытта Сауль Альваресті жеңетін мүмкіндігі бар деп айта аламын", - дейді Санчес FightHype.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, 2018 жылдың қыркүйек айында Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген екінші жекпе-жегінде жеңілген соң, Абель Санчеспен келісімшартын бұзған еді.

2019 жылдан бастап Қарағанды бокс мектебінің түлегі Джонатан Бэнкспен жұмыс істейді. Қазіргі таңда отандасымызда орта салмақта IBF, IBO және WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport