"Канелоны" Головкинмен кездесуге тыйым салынған чемпионмен жұдырықтастырмақ
© Sportbox
Golden Boy Promotion басшысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) пен алғашқы орта салмақта WBO белбеуінің иегері отандасы Хайме Мунгия (32-0, 26 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.
"Канело" жуырда берген сұхбаттарының бірінде Мунгиямен жұдырықтасуға дайын екенін, алайда, отандастарымен жекпе-жек өткізуді қаламайтынын айтқан. Ал Хайме мұндай қағида ұстанбайды және Альвареспен жұдырықтасуға әзір.
"Жекпе-жек өтуі мүмкін. Бұл мексикалық жанкүйерлерге болашақта қызықты болатын жалғыз кезедсу. Мунгия - қателіктерінен сабақ алып, жетіліп келе жатқан жас боксшы. Оның үстіне 154 фунтте чемпион, оның әлем бойынша да, Мексикада да жанкүйерлері көп. Жұдырықтасу мәнері де тамаша, бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар. Қазір "Канело" мүлде басқа деңгейде. Олар жұдырықтасу үшін Хаймеге осы деңгейге жету керек", - дейді Де ЛА Хойя.
Айта кетейік, екі боксшы да DAZN стриминг қызметімен келісімшартта, сондықтан боксшылар жұдырықтасуы ықтимал. Алайда Альварес жартылай ауыр салмаққа өтуі мүмкін.
Еске салайық, 2018 жылы мамырда Мунгия қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасу керек болатын. Дегенмен Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) мексикалықты тәжірибесі жеткіліксіз деп есептеп, GGG-мен жұдырықтасуына тыйым салды.

Жарнама