Бокс
17 ақпан 12:57

"Канелоны" айқасуға шақырған Жәнібек жекпе-жек уақытын белгіледі

©"Чемпионат"

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Riyadh Season басшысы Турки Әл аш-Шейхке үн қатып, Сауль "Канело" Альвареспен (62-2, 39 КО) жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұрады, деп жазады Vesti.kz.

"Канело" жуырда Әл аш-Шейхпен бірден төрт жекпе-жек өткізіп беру бойынша келісімшартқа қол қойды. Мексикалықтың қарсыластары әзірге белгісіз болып отырғандықтан, Жәнібек өзін ұсынды. 

Әлемдегі ең мықты боксшы кім екені ашық айтылды

"Турки Әл аш-Шейх, қыркүйекте "Канеломен" жекпе-жек өткізейік", - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport